- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кептелістен құтылдық па?...
Кептелістен құтылдық па? "Алтын Ордада" не болып жатыр?
"Алтын Орда" базары маңындағы жол құрылысы әлі бітпей жатыр. Жол салынатыны 2017 жылдың соңында хабарланған. Содан бері құрылыс созылып жатыр - басында жолдағы автожанармай құю станциясының басшыларынан нысандарды сатып ала алмады, кейін соттасуға уақыт кетті, одан қалды құрылыс материалдары қымбаттады. Осының бәрінен кейін бас мердігер ауысқан.
Дегенмен жол 2021 жылдың желтоқсанында ресми түрде ашылған, сол кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысын басқарған Қанат Бозымбаев салтанатты шараға қатысқан еді. Ал биыл жазда жүргізушілер жап-жаңа жолдың сапасын жамандай бастады.
Қала маңындағы Алматы - Бішкек тасжолының көлік ең көп жүретін бөлігінде қазіргі жағдай қандай? Көпірдің асфальтын неге қайта ауыстыру керек? Алда әлі қандай жұмыс бар? "Қазавтожол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының орынбасары Нұржан Таңатаров Tengrinews.kz тілшісінің сауалдарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
- Қазір бұл жолда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- Қазіргі уақытта "Алтын Орда" жол бөлігін кеңейту жобасы бойынша жолдың барлық ұзындығына асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы - 4 шақырым, мұнда қалыңдығы 5 сантиметр болатын қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон қоспасының үстіңгі қабаты төселеді, 4 шақырымнан аса жолға 16 мың тонна асфальтбетон төселеді.
Жалпы, осы төрт шақырымдық учаскеде мердігер жиектастар төсеуді аяқтап, жолдардың жанасуы мен түйісулер мен бірігуін реттеу, содан кейін жол белгілерін, бөлу жолағындағы тосқауыл қоршауларын, Нью-Джерсидің темірбетон блоктарын, жолда бейнетіркеу орнату керек.
- Ал бұған дейін асфальт неге төселмеген, қандай мәселе болды?
- Былтыр бұл жобада ұзындығы 600 метр болатын мына эстакада аяқталған жоқ (іс жүзінде 1200 метр көпір құрылымы). Былтыр бұрынғы мердігер жұмысты мерзімге сай істей алмай, мамырдан бастап жаңа мердігер жұмысқа кірісті. Жаңа мердігер - "СП "Сине Мидас Строй" ЖШС ("СМС") - 2021 жылдың мамырынан бастап желтоқсанына дейін 5 айдың ішінде 1200 метр көпір құрылымын салды, толығымен бетондады және асфальтбетон салуға дайындап қойды. Асфальтбетон төсеуге келер болсақ, былтыр құрылыс маусымы аяқталуына байланысты бұл жұмыстар биылға қалған екен.
Бүгінде барлық жұмыстың 85 пайызға жуығы орындалған. Бөлу жолағының бойында белгілер мен тосқауыл қоршауларын орнату бойынша жұмыстар қалыпты. Жоба бойынша екі транзиттік жолақ болады. Тағы екі жолақ жергілікті маңызы бар жолдарға арналады, оның көмегімен халық "Алтын Орда", Іргелі мен Абай ауылдарына бара алады. Яғни көлік қозғалысы ретке келеді. "Алтын Орда" бойында бөлек автобус жолақтары болады.
Қаланың шекарасынан бастап ("Апорт" сауда үйінің маңынан) "Алтын Орда" базары бітер жерге дейін жолдың әр бағыты бес жолақтан тұрады. Жиектастар көмегімен жолақтар былай бөлінеді: ең шеткі жолақ - тек қалалық автобустарға, ортаңғы екі жолақ - сауда орталығына, базарларға және жақын маңдағы тұрғын үй кешендеріне баратын көліктерге, екі шеткі жолақ - қалаға және қала маңына транзитпен баратын көліктерге арналады.
"Алтын Орда" базарынан кейін қалааралық көлік ағыны көпірге (негізгі магистраль эстакада), қалған екі жолақ арқылы көлік айналма жолға түседі, сол арқылы бұрылыс мүмкіндігі бар. Бұл учаскеде үш жаяу жүргіншілер өткелі, сонымен қатар, таға түріндегі бұрылыс эстакадасы бар.
- Кептеліс мәселесі қалай шешіледі?
- Қазір жол бойында көліктер көптеп жиналатынын көріп жүрміз. Алдағы уақытта "Алтын Орда" мен "Барлық" базары жағынан көлік қоюға тыйым салынады. Онда автобус жолағы болады. Ол жерде белгілер салынған, бірақ әлі де көліктер тұрағы болып тұр.
Сондай-ақ, айналма жолдағы жүктемені азайту үшін көпір астынын бұрылыс жолдары салынады. Қосымша екі жағынан бұрылу алаңдары болады. Олар бастапқы жобада болды.
Қазір нысанда 120-ға жуық адам мен 40-қа жуық техника жұмыс істеп жатыр.
- Көпір салынды, бірақ шоқалақтар пайда болды. Неге?
- Тағы да қайталаймын, бұл көпір желтоқсанда салынды. "СМС" бас мердігері шағын ерлік жасады, олар бес айдың ішінде осы магистраль эстакасын салып үлгерді. Әрине, желтоқсанда асфальт төсей алмадық. Бірақ халық уақытша жүре алуы үшін, жолды алдағы жұмысқа дайындап жатқанда, қозғалысты аштық. Қазір біз кемшіліктерді жойып, уақытша асфальтты алып тастап, жаңа жабынды төсейміз. Ол барлық стандартқа сай болады және болашақта ешқандай проблема болмайды деп ойлаймын.
- "Асыл Арман" кешеніне қарама-қарсы аяқталмаған эстакада және Райымбек аулының маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі туралы не айта аласыз? Олар қашан салынады?
- "Асыл Арман" кешеніне қарама-қарсы "құбырға" ұқсас эстакадаға және Райымбек аулына қарама-қарсы жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне қатысты. Қазіргі уақытта мердігер болған жоқ, алдыңғы мердігер оны жүзеге асыра алмады, келісімшартты бұздық. Жаңа мердігер жұмысты бастап жатыр. Бір аптадан кейін негізгі жұмыстар басталады. Оны да жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Жоба әлі аяқталған жоқ. 2-3 ай ішінде толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Шарт бойынша бұл жоба 1 қарашада аяқталады. Бірақ қазір жұмысты күшейтіп жатырмыз. Бас мердігер қазір негізгі жолды 1 қыркүйекке дейін аяқтап, қозғалысты ашу үшін барлық қажетті резервтерді қосып жатыр.
Сөйлескен Айнаш Өндіріс, фото Әлихан Сариев.
Е. Төлеш