Астанада Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
24-26 маусымы аралығында жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне байланысты Н.Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Сондай-ақ, 24-26 маусым аралығында Ш. Уәлиханов көшесінің А. Иманов көшесінен Кравцов көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс толығымен жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!