- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кепілсіз несие": Алматыда...
"Кепілсіз несие": Алматыда жеті алаяқтық дерегіне қатысы бар әйел ұсталды
Алматыда жеті алаяқтық дерегіне қатысы бар әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Ж. есімді азаматша шағын несие сайттарын пайдаланып, екінші деңгейлі банк арқылы кепілсіз несие алу бойынша өз қызметін ұсынған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы әйел ұсталды. Барлық арыз тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз "қызметі" үшін 100-ден 200 мың теңгеге дейін сыйақы сұраған. Ақшаны алғаннан кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған, ал түскен ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында.
Жедел қызметкерлер алданғандардың бұдан да көп екеніне сенімді.
Г. Досымшалова"Ұсталған азаматшаның суретін мұқият қарап шығуларыңызды және оның әрекетінен зардап шеккендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02", - делінген хабарламада.