Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев мұрындық болып басталған "Кепіл боламын" жобасының аясында қоғамдық тыңдау өтеді. Шара 21 қыркүйекте Алматы қаласындағы "Даму" қорының ғимаратында 10:00-де басталады. Бұл туралы Сейсембаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Шара қор ғимаратының екінші қабатында болады. Талқыланатын тақырып: "Тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу проблемалары. Шығындарды азайту және тауарларды тарату жүйелеріндегі проблемалар". Кіру тегін. Дайындалып келгеніңіз абзал", - деп жазды кәсіпкер парақшасында.
Жоба авторы сөз соңында "Даму" қорына алғыс айтты. Оның айтуынша, ұйым бөлмені жобаға қолдау ретінде тегін берген.