"Кепіл беремін" жобасының авторы, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев аталған жобаның танымбелгісіне үміткер төрт нұсқаны ұсынды. Фейсбук қолданушылары танымбелгі таңдасуға кірісіп, өздеріне ұнаған нұсқаға белсенді түрде дауыс беруде. Массагет порталының қолданушылары да "Кепіл беремін" жобасының танымбелгісін таңдауға өз үлестерін қоса алады. Марғұлан Сейсембаев әр дауысты есепке алып, пікірлеріңізді оқитын болады. Ендеше өзіңізге ұнаған танымбелгіге дауыс беріңіз!
Басты суретте: Марғұлан Сейсембаев (оң жақта бірінші отыр) әріптестерімен кездесуде