- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кепіл беремін" жобасының...
"Кепіл беремін" жобасының авторы ықпалды серіктестермен келіссөз жүргізді
"Кепіл беремін" жобасының авторы Марғұлан Сейсембаев бағдарлама аясында қызу жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтады. Ол бірнеше ықпалды адаммен келіссөз жасасқан. Кәсіпкердің өз сөзін ұсынамыз:
Сонымен таңертең бір ірі банктің иесімен "Кепіл беремін" жобасына қатысты келіссөз жүргіздім. Ол жобаға қызығушылық танытып, қаржылай серіктесіміз болуға және іріктеуімізден өткен кәсіпорындарды қаржыландыруға дайын екенін айтты. Қаржыландыру мынадай түрде болмақ:
1. Басқа банктерден аз мөлшерде алған қарыздарын қайта қаржыландыру.
2. Іріктеуден өткен кәсіпорындардың дамуын қаржыландыру.
3. Кәсіпорындарды Даму қорының ресурсын қолдана отырып басқа банктерге қарағанда аз мөлшермен қаржыландыру.
4. Кәсіпорындарды Даму қорының ресурсын қолдана отырып қаржыландыру және үстінен өз ресурсын қосу. Мысалы, Даму қорының 1 доллар қаржысына өзінің 2 долларын беру.
15-00-де танымал кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдимен кездестім. Ол – ҚазҚұрылыс Әйнек компаниясының үлескері. Екеуміз пікір алмастық. Әйнек өнеркәсібінің қиындықтары жайлы тыңдадым. Жалпы сөз ауаны мемлекеттік қолдау бағдарламасының тиімділігі туралы болды. Банктердің қаржыландыру шарттары туралы да сөйлестік. Астана құрылысы мен ЭКСПО-дағы ірі импорт жайын қозғадық. Отандық өндіріс пен аналогы бар болса да, мәселе бастан асады. Кейбір фейсбукшілер "ірі кәсіпорындар қолдауды қажет етпейді" деп бекер айтады. Ірі кәсіпорындардың өз қиындығы бар. Оған "Кепіл беремін" жобасын бастан-аяқ түсіндіріп шықтым. Тамақ өнеркәсібін қарап шығудың артықшылығын түсіндірдім. Сөз соңында ол бет-беделі бар адам ретінде бізге "Жауапты Серіктес" ретінде қосылып, тұтынушылар алдында өз өніміне жауап беретінін елге мәлімдейтін болды.
17-15-те Wipon-ды (Вайпон) жасаушылардың бірі Рүстем Сұлтанмұрадовпен кездесіп, таныстым. Компания фальсификациямен күресіп, қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Бүгінгі таңда олар IOS, Android және Windows phone-ға (www.wiponapp.com сайтынан жүктеп алуға болады) арнап мобильді қосымша жасаған. Қосымшадан ҚР-дағы алкогольді өнімдердің заңға сай екенін тексеруге болады (жұмыс ҚР МКК ҚМ-мен біріге істеледі). Компания дәрі-дәрмекті көшірмеден қорғау мақсатында денсаулық сақтау министрлігімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ жақында компания өнімдердің Халал стандартына сәйкестігін тексеретін болады. Біз компанияның жетекшісі Рүстем Сұлтанмұрадовпен компания "Кепіл беремін" жобасының "Кәсіби Серіктесі" болады деген қоғамдық келіссөз жасастық. Тауардың штрих-кодын сканерлеу арқылы тұтынушылар сол өнімге біреу жауап бере ме, жоқ па, осыны көре алады. Сондай-ақ "Жауапты серіктестерден" көшірмеге қалай ілігіп қалмау керектігі жайында нұсқаулық алып, көшірме өнімге кезіккен жағдайда арыз жіберуге болады. Мен одан біздің тексеруімізден кейін дереу өндірушілермен осы мобильді қосымшаны енгізу мәселесін талқылауын өтіндім. Біздің тексерісімізден өткен өндіруші өз өніміне сапаны тексеруге мүмкіндік беретін тексеру жүйесін енгізуге міндетті болады. Wipon қызметі тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де тегін жұмыс істейді. Функционал 2-3 апта ішінде енгізіледі. Бірақ сіз қазір де Рүстем Сұлтанмұрадовқа жүйеге тіркелу жайындағы сұрақтарыңыз туындаған жағдайда хабарласа аласыз. Өз басым бұны тұтынушыға көшірмені тез ажыратуға мүмкіндік беріп, қазақстандық өнімдерді шығаратын және сол өнімге кімнің жауап беретінін көрсететін негізгі технология деп ойлаймын. Керемет емес пе?! Рүстем мен оның ұжымына "жарайсыңдар" дегім келеді.
М. Оңғарова