- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кепіл беремін" жобасы...
"Кепіл беремін" жобасы және саясат
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев facebook желісінде тың бағдарламасымен жұртты таңдандырған еді. Жобаға аз уақытта 400 000 адам қолдау білдірді. Жоба авторы бүгінде түрлі сұраққа жауап беруде. "Кепіл беремін" бағдарламасы мен саясат мәселесі де кәсіпкердің назарынан тыс қалмапты. Кәсіпкердің өз сөзін ұсынамыз!
Достар, елдегі жағдай мен қоғамның көңілінің толмауы бізді саяси шешімдердің тайғанақ жолына итермелейді. Бірден өз ұстанымымды және "Кепіл беремін" жобасының идеологиясын анықтап, түсіндіргім келеді.
Әдіс жайлы. Біз ешқандай басқыншылыққа бармаймыз. Өз басым агрессивті күреспен ұзақ мерзімге бейбітшілік орнатуға болады дегенге сенбеймін. Қанмен келген нәрсенің бәрі қан болып қалады. Сондықтан біздің жол – эволюциялы, қадам-қадаммен жететін жол, ол өз айналаңды күн сайын позитивті жағынан өзгертуге бағытталған.
Мақсат жайлы. Біз бәрін бірден түзеуді қолға алмаймыз. Қарапайым, түсінікті, нақты қадамнан бастаймыз. Бірақ күн сайын. Біз сапалы өнім шығаратын қазақстандық өндірушілердің қолдауына негізделеміз. Өндіруші тауарының қозғалудан бастап тұтынушыға дейінгі жолындағы кедергілерді жоямыз. Сапалы өнім шығаратын өндіруші кәсіпорындардың қаржыландыру жүйесін жақсартамыз. Тұтынушыны қорғаймыз. Әркімнің өз сөзі мен өз әрекетіне жауапкершілік алу ұстанымын күнделікті өмірге енгіземіз. Істеп жатқан ісімізге өзіміз жауап береміз. Саяси бағытына қарамастан, барлық конструктивті және жасампаз күшпен серіктестік орнатамыз.
Саясат және оған деген қарым-қатынасым жайлы. Біздің мақсатымыздың бір ұшы саясатқа тірелетінін түсінемін. Мені әлдебір қозғалыс не партияға қосқысы келеді. Мен радикалды, оппозициялы, үкіметшіл саясаткерлердің, саясаттанушылардың және сарапшылардың көңілдерін қалдырайын деп отырмын. Мен саясаткер болғысы келетін кәсіпкер емеспін, мен Азамат болғысы келетін кәсіпкермін. Саясаткер болатын ойым жоқ және болғым да келмейді. Бірақ мен өзгерісті, алға қадам басушылықты, халықтың әл-ауқатының артуын және елдегі бейбіт өмірді қолдаймын. Бір минут та серіктестерге, еріктілерге, олардың қызметкерлеріне, туған-туыстары мен жақындарына жауапты екенімді естен шығармаймын. "Кепіл беремін" жобасының идеясын күмәнді саяси мақсат пен күмәнді күрес әдісінің жолында құрбан ете алмаймын.
Көп адамның көңілін қалдырғанымды білемін. Маған және жобаға деген ақталмаған үмітті бірден жоғалтқан дұрыс. Егер радикалды, агрессивті шешімді қолдасаңыз, бұл маған қатысты емес.
М. Оңғарова