- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кентаудың экс-әкіміне қатысты...
Кентаудың экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталды - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астанадан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады.
Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр.
Қазір қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астананың прокуратурасына тапсырылды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек