Кентаудағы тамақтану орнында газ жарылып, бір адам қаза тапты

Кентаудағы тамақтану орнында газ жарылып, бір адам қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысының Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нысан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.

"Құтқарушылар келгенге дейін ашық жалын байқалды. Кейін өрт тұтанып, өрт сөндіру бөлімшелері оны жедел ауыздықтады", – деді өңірлік ТЖД.

Ведомство дерегінше, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан.

"Төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде", – деп нақтылады ТЖД.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Таразда да Жаңа жыл түні кемінде екі ірі өрт тіркелген.

Қалалық ТЖД мәліметінше, Жамбыл даңғылында Watson Pub мейрамханасының екі қабатты ғимаратына жапсарлас салынған жазғы алаң өртенген. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер мен құтқарушылар мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget