- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кентаудағы кафеден жаппай...
Кентаудағы кафеден жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Түркістан облысы Кентау қаласындағы кафеден жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.
"Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауаптар алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізіліп жатыр. Дәмхананың барлық тағам түрінен сынама алынып, зерттеуге жіберілді. Аталмыш тамақтану орнындағы қызметкерлердің бірқатарында медициналық кітапша болмай шықты", - деді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 тұрғын ем қабылдап жатыр. Полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова