- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кентауда үш қабатты...
Кентауда үш қабатты үйде өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды
2023 жылғы 1 сәуірде сағат 22.00-де 101 пультіне Кентаудағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы - 4 шаршы метр.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өрт сағат 22.11-де ауыздықталып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан