Кентауда тұрғындарды дүрліктірген хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам сүйегі табылғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы бірден шыққан.
Полиция аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерген.
ІІМ өкілдері не дейді?
"Ақпарат расталған жоқ. Қазір хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деді полиция.
️Сонымен қатар, чаттарда тараған хабарламада "Кентауда маньяк жүр дейді. Адам өлтірген. Есікті іліп жүріңдер" делінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған мәлімет үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова