Әлеуметтік желіде 45 жастағы Кентау тұрғыны "екі өгей қызын 6 және 8 жастарында бірнеше рет зорлаған деген күдікке ілінгені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Telegram арналардың бірінде жантүршігерлік ақпарат жарияланды.
"Түркістан облысы Кентау қаласының 45 жастағы тұрғыны бес жыл бойы 6 және 8 жастағы екі өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікпен қамауға алынған", - деп жазылған мәліметте.
Полицияның мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда кәмелетке толмаған екі балаға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша полицияға арыз түскен.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!