Кеншілердің зейнет жасы қашан төмендейді?

Кеншілердің зейнет жасы қашан төмендейді?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл соңына дейін заң жобасын енгізу керек. Бүгінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өмірді сақтандыру компанияларымен бірлесіп, есептеп жатыр. Біз өз тарапымыздан екі талапты айқындадық: шахтерлердің 55 жастан асуы және БЖЗҚ-да 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы", - деді Светлана Жақыпова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Светлана Жақыпова зейнетке ерте шығатын кеншілерге қандай талап қойылатынын айтты.

"Төлемдер 3 көзден: республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Біз бір күнкөріс шегі көлеміндегі бюджеттік өтінімді рәсімдедік. Оның 3 жылға арналған сомасы 45 миллиард теңге, яғни жылына 15 миллиард теңгеден.

Мұның бәрі шахтердің зейнетақы жинағы қорына байланысты болады. Зейнетақы жарналарын аудару 84 ай бойы жүруге тиіс. Осы төлемге үміткер адамдардың саны 46 мыңға жуық. Бірақ олар екі талапқа да сәйкес келуі керек - 55 жас және 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін кеншілер 55 жаста зейнетке шығуы мүмкін екені айтылған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандық актерлар қанша ақша табады?

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz