Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңды сенатор Әсем Рахметова таныстырды.
"Заңды қабылдаудағы негізгі мақсат қорғамдық бірлестіктер құру рәсімдерін жеңілдету және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру болып саналады. Бүгінде "Қоғамдық ұйымдар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туындауына байланысты, азаматтарымыздың қоғамдық құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер беретін нормалар енгізіліп отыр. Бұл қоғамдық бірлестіктерді құруға қажет адамдардың санын 10 адамнан 3 адамға дейін төмендетуді көздейді", - деді ол.
Сонымен қатар сенатор құжат 55 жасқа толған кеншілерге арнайы төлем төлеуді көздейтінін жеткізді.
"Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады", - деді Әсем Рахметова.
Төлемдер мыналардан тұрады:
Бұдан басқа еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі нормалар ұсынылды:
Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады.
Айта кетейік, арнайы төлем 33 мың кеншіге тағайындалады. Жаңа төлемнің орташа мөлшері - 200 мың теңге.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!