Кеңседе жұмыс істейтін адамдардың денсаулыққа зиян келтіретін 5 әдеті

Кеңседе жұмыс істейтін адамдардың денсаулыққа зиян келтіретін 5 әдеті
Фото: unsplash.com

Кеңсе жұмысының кейде денсаулыққа тигізер зияны бар. Ол сізге байқалмауы мүмкін, бірақ уақыт өте денсаулық мәселесі пайда болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Таза емес ауа

Біз жұмыста күніне кем дегенде 8 сағат өткіземіз. Осы уақыт ішінде нашар желдетілетін, қараңғы, орталық жылыту жағдайында отыру біздің денсаулығымызға зиян тигізуі мүмкін.

Мәселе мынада, бұл фактордың барлығы бөлмедегі ауаны өте құрғақ етеді. Қол мен беттің терісі қабыршақтай бастайды. Бұл қиындықты күтім косметикасының көмегімен жеңе алғаныңызбен, мұрын мен көмейдің құрғауы мәселесін шешу оңай болмайды. Бұл жағымсыз сезім, сонымен қатар жергілікті иммунитеттің төмендеуіне ықпал етіп, суық тию немесе вирустың пайда болу қаупі едәуір артады.

Оттегі жетіспеушілігі

Кеңсе қызметкерлері ашуланшақтыққа жиі шағымданады. Егер сіз ұзақ уақыт бойы ауасы нашар бөлмеде отырсаңыз, болашақта бас ауруы, ұйқы мәселесі, концентрацияның төмендеуі сізді күтіп тұр.
 
Мәселені қалай шешуге болады? Әріптестеріңізбен кеңсені желдету ережесін жасаңыз, ал терезе мен есікті ашып қойған дұрыс. Сондай-ақ, жұмыс күнінде сыртқа шығуды әдетке айналдыруға тырысыңыз.

Дұрыс тамақтанбау

Кейде кеңседе отырып тамақтану уақытын жіберіп алып немесе жәй ғана тәтті сияқты өнімдерді жейміз де, кейінірек артық тамақтанамыз. Нәтижесінде біз ас қорыту және артық салмақ қосу мәселесімен бетпе-бет келуге болады.

Мәселені қалай шешуге болады? Тамақты контейнерде өзіңізбен үйден алып келуге үйреніңіз және пайдалы өнім жеуге тырысыңыз, мысалы: жеміс, көкөніс, жаңғақ, қантсыз және қоспасыз йогурт.

Көру қабілетінің нашарлауы

Кеңседе жұмыс істесеңіз, әдетте компьютер және қағазбен үнемі байланыста боласыз. Ал егер сіз мониторға тым жақын отыруға дағдыланған болсаңыз, бұл өте қауіпті. Нәтижесінде, күннің аяғында сіздің басыңыз айналып, көзіңіз ауырады, уақыт өте келе көру қабілеті төмендейді.

Мұның алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауға тырысыңыз:

  • мониторға көзден кемінде 45 сантиметр қашықтықта отырыңыз;
  • оны терезеге қарай бұрмаңыз;
  • қараңғы болса, қосымша жарық көздерін қосқан дұрыс

Сонымен қатар, көзге арналған жаттығу жасасаңыз да болады. Мұндай үзілістерді шамамен 30 минут сайын жасау керек.

Отырықшы өмір салты

Егер сіз еңкейіп, телефонды иық пен бет арасында ұстап, ыңғайсыз күйде отыруға дағдыланған болсаңыз, уақыт өте келе бұл тірек-қимыл аппаратына қатысты мәселелерді тудырады. Сондай-ақ, бұл өмір салты салмақ қосуға ықпал етеді.
 
Деніңіздің саулығын сақтау үшін әр сағат сайын 5 минуттық үзіліс жасау керек, яғни физикалық белсенділік. Жеңіл жаттығулар жасаңыз, созылыңыз немесе жай қарқынмен жүріңіз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 31 күні дүниеге келген адамдардар қандай болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә