Алматыдағы ең үлкен зираттардың бірі Кеңсай маңында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Медеу ауданында орналасқан мола маңындағы өрттің видеосы Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды. Видеодан қураған шөптердің шытырлап жанып жатқанын көруге болады. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.
Алматы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамның 100 адамы және 8 техника жұмылдырылған. Өрт "Кеңсай-2" қорымына да жеткен, бірақ бейіттерге зақым келмеген.
"Өрт сағат 11.00-ден бастап сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде апат орнының биікте болуы, желдің екпіні және шөп қиындық тудырды. Өрттің үйлерге таралу қаупі жойылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!