Кения президенті Қазақстанға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.

Сонымен қатар, бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!