• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Кеңгір су қоймасы Kazakhmys Distribution компаниясынан алынып, мемлекетке қайтарылды

Кеңгір су қоймасы Kazakhmys Distribution компаниясынан алынып, мемлекетке қайтарылды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, кезінде бұл нысандар қала құраушы кәсіпорын "Kazakhmys Distribution" ЖШС балансына берілген. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы су ресурстары министрінің атына ұсыныс енгізді.

"Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, нысанды беру актісіне қол қойылды. Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізуі қажет", - деп жазылған хабарламада.

Су қоймасы туралы

Кеңгір су қоймасы - Ұлытау облысының игіліктерінің бірі, сондай-ақ, энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі.

Су қоймасы 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық нысандар қатарында, демек мемлекет меншігінде болуға тиіс.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget