Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарады. Онда мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады делінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Барлық әлеуметтік төлем ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ! Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады", - деп ескертеді ведомство өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!