• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Кенеден қорғану үшін не істеу керек?

Кенеден қорғану үшін не істеу керек?
Фото: depositphotos.com

Алматыда кенеге қарсы өңдеудің бірінші кезеңі басталды, осы арқылы 2300 гектардан аса саябақ, сквер және орман алқабы қамтылады. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ӨКҚ-де өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңделетін нысандар қатарында жалпы ауданы 1764,9 гектар болатын 8 орман массиві және 601,6 гектар ауданды қамтитын 101 қалалық саябақ пен алаң бар.

Әсел Қалықованың айтуынша, кенелерге қарсы бақылау энтомологиялық әдістермен де жүргізіледі. Эпидемия маусымының басында мамандар халықтан жиналған 34 кене үлгісін зерттеген. Бір үлгіде кенелі энцефалит антигені табылған. Кене зардап шеккен адамды Алматы облысында шаққаны анықталған.

"Алдын алу шаралары ретінде алматылықтарға жабық киім киіп, табиғатта серуенденгеннен кейін өзін және жеке заттарын мұқият тексеруге кеңес береміз. Кене шаққаннан кейін төрт күннен кешіктірмей медициналық көмекке жүгіну маңызды", - деді Қалықова.

Кене энцефалиті – жүйке жүйесіне әсер ететін қауіпті инфекция. Негізгі белгілері – жоғары температура, интоксикация, неврологиялық бұзылыс.

Алматыда ірі стационарлар жанынан 7 кабинет жұмыс істейді:

  • №4 МКБ – Папанин көшесі, 220.
  • №5 МКБ – Достық даңғылы, 220.
  • Қалалық жедел жәрдем ауруханасы, Қазыбек би көшесі, 96.
  • Орталық қалалық клиникалық аурухана, Жандосов көшесі, 6.
  • №7 МКБ, Қалқаман ш/а 20.
  • Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы, Манас көшесі, 40.
  • № 2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы, № 2 ш/а, Алтынсарин даңғылы, 54.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget