Кейінгі бір аптада Қазақстанда кене шағу салдарынан көмекке жүгінгендер саны жарым мыңнан асты. Massaget.kz тілшісі кенені қандай жағдайда зертханаға апару керегін, оны адам денесінен қалай дұрыс алу қажет екенін және қандай белгілерге назар аудару керегін түсіндіреді.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, кейінгі аптада елде кене шағудың 1515 жағдайы тіркелген.
Өңірлер бойынша статистика:
Иммуноглобулиннің профилактикалық инъекциясын 1462 адам алды.
Мамандардың айтуынша, әрбір кене энцефалит немесе басқа да инфекция тасымалдаушысы бола бермейді. Бірақ кез келген кене шағуы назардан тыс қалмауы керек.
Кене шағу арқылы мынадай аурулар да жұғуы мүмкін:
Бұл аурулардың алғашқы белгілері көбіне кәдімгі вирус инфекциясына ұқсайды: дене қызуы көтеріледі, адам әлсірейді, бұлшықет ауырады. Сондықтан жағдайды бақылап, денсаулық нашарласа, дәрігерге қаралу қажет.
Жақында Жамбыл облысында кене шаққаннан кейінгі алғашқы өлім жағдайы тіркелді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан ер адам көз жұмды. Ол Шу ауданында мал ұстаған және кенеден зардап шеккен жануармен байланыс кезінде жұқтыруы мүмкін. Марқұм дәрігер көмегіне дер кезінде жүгінбеген.
Кененің инфекция тасымалдаушысы екенін сыртқы түріне қарап анықтау мүмкін емес. Мұны тек зертханада білуге болады. Ұлттық орталық мамандары адамға жабысқан кененің бәрін бірдей зерттеуге апару міндетті емес екенін айтады.
"Кенені зерттеу жұқтыру қаупін қосымша бағалауға көмектеседі. Алайда талдау нәтижесі әрдайым науқасты әрі қарай бақылау тәсілін, емдеу шараларының көлемін немесе ем ұзақтығын анықтай бермейді", - дейді мамандар.
Тіпті кенеден вирус немесе басқа инфекция қоздырғышы табылса да, бұл адам міндетті түрде ауырады дегенді білдірмейді.
Инфекцияның жұғуына бірнеше фактор әсер етеді:
Егер кене тез байқалып, дер кезінде алынса, салдар туындау қаупі әдетте төмен болады. Зерттеу тек адамға инфекция жұғу ықтималдығын бағалайды. Бірақ оның өзі аурудың барын немесе жоғын нақты растамайды.
"Мысалы, кене зақымданса немесе дұрыс алынбаса, бұл зерттеу сапасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан кенені алар кезде оны жаншып алмау өте маңызды. Бұған қоса, адам кене шаққан сәтті байқамай қалуы мүмкін. Қазақстанда жыл сайын науқастар ауру белгілерімен жүгінгенімен, өздерін кене шаққанын есіне түсіре алмайтын жағдайлар тіркеледі", - деп атап өтті мамандар.
Сондықтан дәрігерлер тек талдау нәтижесіне емес, мына жайттарға да назар аударады:
Мамандар кене энцефалитінен қорғанудың ең сенімді жолы - вакцина екенін еске салады. Екпе тұрғылықты жері бойынша емханаларда салынады, бірақ ол кене энцефалитінің табиғи ошағында тұратын немесе жұмыс істейтін адамдарға ғана жасалады. Вакцина тұрақты иммунитет қалыптастырып, аурудың ауыр өту қаупін едәуір төмендетеді.
Ең алдымен мына дене бөліктеріне назар аудару қажет:
Үй жануарларын да қарап шығыңыз: олар да үстіне кене жабыстырып әкелуі мүмкін.
Егер денеге жабысқан кенені байқасаңыз, дәрігерлер мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы медициналық мекемеге баруға кеңес береді. Онда кенені алып, иммуноглобулин арқылы шұғыл профилактика қажет пе, жоқ па, соны анықтайды.
Мамандардың түсіндіруінше, зертханалық зерттеулерге сәйкес, тексерілген кенелердің тек 1-3,5 пайызында қауіпті вирустар анықталады. Бұл кенелердің басым бөлігі қауіп төндірмейтінін және жаппай жұқтыру жоқ екенін көрсетеді.
Қажет болса, кенені герметикалық ыдысқа салып, зерттеуге өткізіңіз.
Мұндай әдістер инфекция жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін.
Дереу дәрігерге көрінуге себеп болатын белгілер:
Иммуноглобулин - белгілі бір инфекцияға қарсы дайын қорғаныс антиденелері бар препарат. Ол аурудың даму қаупін азайту үшін инфекция жұғуы мүмкін болған жағдайда шұғыл профилактика ретінде қолданылады.
Вакцина басқа принцип бойынша жұмыс істейді: ол иммунитетті қорғанысты өздігінен өндіруге "үйретеді". Одан кейін қорғаныс біртіндеп қалыптасады және ұзақ уақыт сақталады.
Иммуноглобулин тезірек әсер ете бастайды, бірақ оның әсері уақытша.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының түсіндіруінше, қазақстандық клиникалық хаттамаларға сәйкес, кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактика кене шаққаннан кейінгі алғашқы 96 сағатта (төрт тәулікте) барынша тиімді болады.
"Сондықтан кейбір жағдайларда дәрігер жәндіктің зерттеу нәтижелерін күтпестен, кенеге қарсы иммуноглобулинді енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Мәселе инфекция жұқтыру қаупін бағалағаннан кейін жеке тәртіппен шешіледі", - деп түсіндіреді сарапшылар.
Шұғыл профилактика әсіресе кене энцефалитінің табиғи ошақтары тіркелген Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласының эндемиялық аумақтары үшін өзекті.
Сонымен қатар, мамандар Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін иммуноглобулин де, вакцина да жоқ екенін айтады. Сондықтан Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары ерекше сақ болуы керек.
Бұл аймақтарда инфекция тек кене шаққанда емес, сонымен қатар, олармен жанасқан кезде де жұғуы мүмкін.
Дәрігерлер табиғатқа шығатын болсаңыз, сақтық шараларын сақтау маңызды екенін ескертеді:
Кенеге қарсы түрлі спрейлер - бұл қосымша қорғаныс. Оларды дұрыс қолдану маңызды:
Әсіресе шөбі биік немесе бұталы жерлерге, саябаққа, саяжайға, орманға және тауға баратын болсаңыз, репелленттерді пайдалану өте маңызды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!