Қызылордада 61 жастағы әйел Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Бұл - биылдыққа облыс бойынша бірінші жағдай, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары диагнозды клиникалық-лабораториялық жолмен 7 маусым күні анықтады. Науқас Сырдария ауданының тұрғыны болып шықты.
Дене қызуы көтеріліп, бойы әлсіздік тартып, құсқан соң дәрігер көмегіне жүгінген. Екі күн бұрын ғана кене шаққанын өзі айтқан. Бірақ жәндікті суырып алып тастап, орнын сүртіп тазалаған соң еш алаңсыз жүре беріпті.
"Тек алғашқы клиникалық белгілері байқалғасын дәрігерге барған. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды", - деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Хаттамаға сәйкес вирусқа қарсы ем тағайындалып, жүргізііп жатыр.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!