Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев оңай табысқа кенелемін деп алданған әйелді сөкті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутатқа алаяққа алданған оқырманы хат жазған.
"Сәлеметсіз бе депутат мырза. Мен Түркістан обл. Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылынан. Осы инстаграмда халыққа көмек деген алаяқтарға қалтам қағылып қалды, ақшаға мұқтаж едім, ұтыс ойнатып жатыр, қазір барлық блогері де, танымалы да мен де сеніп қалдым. 10 мың тг 780 000 тг шығарып береміз деп, 10 мың тгмен бастап 30 000 тг алып, 78 тгсі де жоқ, маған өтірік колдан каспи голдқа 780 000 тг ұттыңыз деп чек жіберді, бірақ 1 тиын да түскен жоқ", - деп жазған алданып қалған адам.
Депутат ақшаға қанша мұқтаж болған күннің өзінде, оңай олжаға сенбеу керегін жазған.
"Елестетіңізші, 10 000 теңге бересіз... 780 000 теңге аласыз. Әрі ол ақша 2 минутта түседі! Шынымен солай болса, бәріміз жатпаймыз ба үйде, аяқты көтеріп қойып. Минималды 85 000 айлықтың жырын айтпай-ақ. Жұмысқа шықпай, бастықтан артық сөз естімей... Ақша аударар алдында ақылдасу жоқ, сұрау жоқ))) Ал алданып қалған соң, "депутат мырза" деп хат жазады... Депутат мырза "полицияға арыз жазыңыз" деп кеңес береді. Әрине, олар таба алса... Ал бүгіндікке 30 мың теңгенің саба,ын алдыңыз. Ақшаға мұқтаж болсаңыз, оңай олжаға сене берудің қажеті жоқ. Өмір сабағы - осы! Елу беріп, жүз алмайсыз! Кемпір беріп, қыз алмайсыз!", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!ы