- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кемеровода қарттар үйінен...
Кемеровода қарттар үйінен өрт шықты: 20 адам қаза тапты
Ресейдегі Кемеровода жекеменшік қарттар үйінен өрт шықты. Оқиға салдарынан 20 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ресей ТЖМ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, алғашқы құтқарушылар келгенде ғимараттың терезелері мен төбесінің жанып жатқанын байқаған. Олар адамдарды іздеп, өртті сөндіруге кірісті.
Өрт аумағы 180 шақырым болған. Оқиға салдарынан 20 адам қаза тапты. Өрт сөндірілді.
Ресей Федерациясының Тергеу комитеті өкілдері ресми Telegram-арнасында 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 3:30-да болған өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Үй-жайдың иесі анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек