Жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына "Кемел қаламгер" атты республикалық шығармашылық байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты: детектив жанрында, құқық тақырыбында жазатын отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
Байқауды өткізу тәртібі
1) Детектив жанрындағы әдеби шығарма/эссе;
2) Құқық тақырыбында жазылған сараптамалық мақала/зерттеулер.
Байқауға қатысушыларға қойылатын шарттар:
қатысушыға жас шектеулігі қойылмайды;
бұрын-соңды жарияланған шығарма/мақала Байқауға қабылданбайды;
бір автор тек бір номинацияға ғана өтінім бере алады;
Байқауға қазақ немесе орыс тіліндегі жұмыстар қабылданады;
Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді;
автор Байқауға жіберген жұмысқа авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді және туындысын (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауға рұқсат береді, ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады;
Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды;
қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім Байқауға қатыстырылмайды;
қатысушы шығармасымен бірге өзі туралы ақпарат (1 беттен аспауы керек) және сапалы суретін қоса жіберуі тиіс;
байқау жұмыстары А-4 форматында, TimesNewRоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек;
авторлар 2.2. тармағының шарттары түгел орындалған кезде ғана Байқауға қатысушы ретінде тіркеледі.
Байқауға жіберілетін материалдарды ұсыну тәртібі:
Қатысушылар байқау жұмыстарын kemel.qalamger@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек;
Байқау жұмысының электронды нұсқасы (автордың дерегінсіз) бөлек файлмен жіберілуі тиіс;
Алғашқы беттің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: qalamger_proza, qalamger_maqala;
Автор туралы мәлімет келесі ақпараттарды қамтуы керек: аты-жөні, тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмірі, электронды поштасы, фотосуреті, автор туралы қысқаша ақпарат. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: qalamger Қуаныш Сүлейменов деп сақтауы тиіс;
Байқау жұмыстарын қабылдау 2023 жылғы 22 мамыр күні сағат 12.00-ден басталып, 2023 жылдың 22 тамыз күнгі сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
Ұйымдастырушылар келіп түскен өтінімдер іріктейді.
Іріктеуден өткен өтінімдер ашықтық қағидасына сәйкес Telegram қосымшасындағы «Кемел қаламгер байқауы» каналында (https://t.me/kemel_qalamger) жарияланады. Қолданушылар жарияланған материалдармен танысып, өз пікірін қалдыра алады.
Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
Байқау комиссиясының құрамына Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, белгілі қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері және басқа да қоғамдық маңызы бар тұлғалар кіреді.
Байқаудың әділдігін сақтау үшін қазылар алқасы туралы ақпарат Байқау қорытындысы шыққанға дейін жарияланбайды.
Байқау комиссиясының құрамы ұйымдастыру алқасының бұйрығымен бекітіледі және жалпы саны 5 немесе 7 адамнан аспауы тиіс;
Байқау комиссиясы бірінші отырыста дауыс беру парағын бекітеді.
Байқау комиссиясы Байқау туралы хабарландыру республикалық сайттарда, әлеуметтік желілерде және БАҚ жарияланған сәттен бастап түскен жұмыстарды кезегімен қарай береді.
Байқау комиссиясы Telegram қосымшасындағы қолданушылар пікірін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
Конкурс жұмыстарын бағалау кезінде байқау комиссиясы келесі критерийлерді басшылыққа алады:
байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, өзектілігі, авторлық тұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
Байқау талаптарына сәйкес емес жұмыстарды байқау комиссиясы қараусыз қалдыруға құқылы.
Байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады;
Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Байқауға ұсынылған жұмыстар арасында Байқау шарттарына сәйкес келетін материалдар болмаған жағдайда, байқау комиссиясы ұйымдастырушыға осы номинация бойынша сыйақыны толық бермеу немесе ішінара бөлу туралы ұсыныстар беруге құқылы.
Байқауды қорытындылау
"Кемел Тоқаев атындағы Қайырымдылық қоры" жеңімпаздарға арнайы жүлделер қарастырады.
Әр номинация бойынша келесі жүлделі орындар тағайындалады:
Балалар шығармашылығы (мектеп оқушылары арасында):
Әр сала шығармашылығы (студенттер, магистранттар, докторанттар, педагогтар арасында):
Қаламгерлер шығармашылығы (жазушылар, журналистер, ғалымдар арасында):
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған шығармалар жинақ түрінде кітап болып басылып шығады.