- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кемі 80 әйел...
"Кемі 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады". Дина Төлепберген адамшошырлық статистиканы бөлісті
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген тұрмыста зорлық көрген әйелдерге қатысты адамшошырлық статистиканы бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Бүгін Салтанаттың соққыға жығылған кей видеоларын көріп, жүрегіміз қанжылап жатыр… Қандай жауыздық... Бірақ жазықтының бір күрсінгенін байқамадым. Өзін ақтап, қиыннан қиыстырып әлек. Бұл сот барлық шоудың төресі болды-ау. Статистикаға сенсек, елімізде жыл сайын кемі 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады екен. 5 мың әйел соққының құрбаны болуда. Бұл полицияда тіркелген істер ғана. Расында, қаншама әйел үндемей үрейленіп, таяқтың астында күн кешіп жатыр. Егер Сізді күйеуіңіз ұрып-соқса, басыңызды бұқпаңыз. Дабыл қағыңыз! Қызға қол көтерген қылмыскер түрмеге өмір бойына тоғытылсын", - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек