Әнші Өмірқұл Айниязовтың желіде жүктеген фотосы сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жуырда сәбилі болған және немересін күтіп отырған әнші өзінің instagram парақшасына отбасылық фотоссесия жасап, сурет жүктеген.
"Бұл енді қалжың сурет. Негізі келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар? Фотоға ат қояйық", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл суретке түрлі пікір қалдырған.
"Осындай өрескел дүниелерді ұнатпаймын", "Өмеке сіз айтатын әңгіме емес қой. Ата мен келін арақашықтық сақталуы керек", "Келіннің атасының көзінше ішін ұстап тұруы ұят саналған", "Қуанатын жағдайға қуана білейік. Қуанышты тойлай білейік. Дүниеге келетін ұрпақтар дені сау, ақылды, білімді, мәдениетті, қазақ елін дүние жүзіне танытатын азамат болсын деп тілеймін", "Кім қандай жаста болса да, Алланың жіберген бақыты, ұрпағымызды өсіріп, қызықтайтын денсаулық, өмір берсін", "Келін туды деп енені шектеп тастасақ халық саны қайдан өседі?!. Бұл әңгімені қытай, үнділер айтса жарасады. Бізге әрбір жан маңызды", – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Өмірқұл Айниязов көпшілікке ұлды болғанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!