“Келіндік міндетімді атқарып жатырмын“. Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы айтты

“Келіндік міндетімді атқарып жатырмын“. Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі екі күн бұрын Астанаға енесі келгенін, келіндік қызметін атқарып жатқанын жазды.

"Кеш жарық достар!
Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын.
Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам (Енем) 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір 76 жаста. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы менің атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған екен.
Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы "Айгүл" ансамблінде әнші болғаны кездейсоқтық емесі анық. Қадірлеймін.
Ал бүгін менде "Хабар" арнасында таңғы эфир болды. Ал мамамды "Абай" арнасы "Айгүл" ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады. Таңертең екеумізде әртіс болып, айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды.
Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді.
Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң, ол өзіңе мың есе жақсы нәрсе болып қайтады. Видеодан кейін енемнің "Айгүл" ансамблінде ән айтып тұрған сәтінен бір фото", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Айгүл Иманбаева бақытын тапқаны хабарланған болатын. 

Кейінірек әнші күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. Ал "Сырласу" бағдарламасында Лос-Анджелес қаласындағы жолдасымен неке қию сәтінің видеосын көрсетті.

"Айгүл" ансамблінің солисі". Айгүл Иманбаеваның енесі де әнші болып шықты

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә