- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Келін күтіп жүрміз“....
“Келін күтіп жүрміз“. Әнші Cәкен Майғазиев қоныстой жасады
"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев екі қабатты жер үйіне әріптес достарын шақырып, қоныстой жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақ эстрада жұлдыздары әріптесінің үйіне барып, жаңа қонысқа тамсанып қайтты.
"Керемет адамдардың үйіне қонаққа келе жатырмыз. Дәл тапқан адамға сыйлығым бар. Ауласының өзі орман сияқты. Таудың етегінде орналасқан. Неше түрлі шыршадан бастап, талдар егіліпті. Үй иелерінен "Түсіре беруге рұқсат па?" деп мың рет сұрадым. Менің оқырмандарыма да дәл осындай үй жұғысты болсын!", - деді Фариза Жұманова үйдің ауласын көрсетіп.
Сәкен Майғазиев әуелі ер адамдарға, кейін әйелдерге үйін аралатады. Бұл туралы Бота Бейсенова жазды.
"Сәкен мен Динараның ақ шаңырағына қонаққа келдік. Өнердегі біраз достарымыздың басы қосылып, қуанып жатырмыз. Алдымен Сәкен ер адамдарға рум-тур көрсетейін деп жатыр. Сосын әйелдер үйді аралаймыз”, - деді Бота Бейсенова.
Шақырылған қонақтардың арасында Абай Бегейдің әйелі де бар. Ол да әлеуметтік желідегі парақшасында Сәкен Майғазиевтің үйін толық көрсетіп шықты.
Әріптестеріне үйін көрсеткен танымал әнші ұлының бөлмесін көрсетіп, келін күтіп жүргенін айтып, әзілдеді.
"Бәріңізге жұғысты болып, осындай зәулім үйде тұру бұйырсын. Мынау Әділеттің бөлмесі. Әдейі тау жаққа қаратып, үлкен терезе орнаттық. Болашақта келін осы тауға қарап оянсын деген ниет бар. Келін күтіп жүрміз", - деді ол.
Сәкен Майғазиев бұған дейін де ұлының үйленгенін асыға күтіп жүргенін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева