Келген залал - 90 млн теңге: Алаяққа көмектескен адам ұсталды

Маңғыстау облысы прокуратурасы аса ірі мөлшерде интернет алаяқтықты жасауға жәрдемдескен адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр қазанда Алматы қаласының тұрғыны банк есепшоттарын алаяқтарға ұсыну арқылы ауыр қылмыстың жасалуына жәрдемдескен.
 
Алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерінің салдарынан Ақтау қаласының тұрғындарына 90 млн теңгеден аса зиян келтірілген. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен соталды тергеп-тексеру басталды.
 
Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз