Келген шығын - 46 млн теңге: Жетісу облысында 17 жыл мал баққан бақташы тосын қылмысқа барған

Келген шығын - 46 млн теңге: Жетісу облысында 17 жыл мал баққан бақташы тосын қылмысқа барған
Фото: ІІМ

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтпағанын айтқан. Келген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асқан.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел іздестіру іс-шараларына кіріскен. Соталды тергеп-тексеру барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталған.

"Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел тергеу әрекеті нәтижесінде оның қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық мал иесіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget