“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?

“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

10 қаңтар күні, ҚР Президенті "Келешек мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды. Бұл шара Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келешек" жүйесінің артықшылықтары:

  • ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);
  •  жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
  • екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі
  • жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

"Келешек" шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып есептелетін сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Осыған байланысты ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуге тиіс.

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады:

  • колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.

Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады:

  • басқа техникалық және жоғары білім алуға;
  • жинақтауды жалғастыруға;
  • қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға;
  • тұрғын үй алуға пайдалануға;
  • білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан