- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Келесі жылы ҰБТ...
Келесі жылы ҰБТ тапсыру ережесі тағы да өзгереді
Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлерге "Қазақстан тарихы" пәні бойынша 5 тест тапсырмасы қосылады. Осылайша, 2023 жылы мектеп бітірушілер бұл пәннен 20 тапсырма орындайды. Енгізілгелі отырған өзгеріс туралы хабарлама Ұлттық тестілеу орталығының ресми Тelegram арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Биыл түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізілді.
Келесі жылдан бастап ҰБТ тапсыратын талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады. Онда 1-ден 10-ға дейін бір дұрыс жауапты нұсқасы бар тест тапсырмалары, ал 11-ден 20-ға дейін контекске негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін) енгізіледі.
"Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгереді. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі", - делінген хабарламада.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, келесі жылы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін қысқарады. Ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы нұсқалар 8-ден 6-ға дейін азаяды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова