Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов келесі жылдан бастап газ бағасы өсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол министрлік газ бағасын біртіндеп өсетінін атап өтті.
"2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге өседі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылда газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырады", - деді Әлібек Жамауов.
Жамауов республикада сұйытылған газды тұтыну артқанын айтты. Оның айтуынша, содан тапшылық туындайды.
"Автомобиль иесінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз. Газ баллонын орнату реттелмейді", - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде фастфуд жесе не болады?
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!