Келесі жылы киікті аңшылық мақсатта да атуға болады - министр

Келесі жылы киікті аңшылық мақсатта да атуға болады - министр
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2025 жылы киік атуға әуесқой аңшылар да тартыла ма? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жыл басында көптеген ұсыныс түсті. Бірақ соған қарамастан киікті әуесқой, спорттық бағытта атуға рұқсат бермедік. Биыл тек реттеу аясында ғана "Охотзоопром" мекемесінің күшімен реттеу жұмысын бастап кетті. Бірақ келесі жылы көптеген нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізіп жатырмыз.

Аңшылық ұжымдардан көптеген ұсыныстың бәрін топтап, содан бір жақсы жалпы ережені әзірлеп жатырмыз. Келесі жылға киікке әуесқой спорт аңшылықты ашуға әзірленіп жатырмыз. Оны ашып айту керек", - деді Ерлан Нысанбаев.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz