Келесі жылы қандастар мен қоныс аударушыларға қанша өңірлік квота беріледі?

Келесі жылы қандастар мен қоныс аударушыларға қанша өңірлік квота беріледі?
Фото: elements.envato.com

Өңірлік квота алған қандастарға қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы жобаны қоғам талқысына ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халықтың көші-қоны туралы" 2024 жылғы бұйрыққа сәйкес:

1. Қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 433 адам.

2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 050 адам болып белгіленсін.

"Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, - делінген Ашық НҚА порталында.

Жасұлан Ордабаев 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz