- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Келесі жылы 100...
Келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 100 мың жасқа жұмыс берілуі қажет екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент жастарға жан-жақты қолдау көрсету - мемлекеттің басты міндетінің бірі екенін атап өтті.
"Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді", - деді Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина