- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Келесі жылдың алғашқы...
Келесі жылдың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады ?
Синоптиктер келесі жылдың алғашқы күндерінде ауа райының қандай болатынын айтты.
Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсан және 2 қаңтар аралығында Қазақстан аумағы арқылы циклон өтеді. Ол Каспийдің оңтүстігінде түзіліп, солтүстік-шығысқа бағыт алады. Осыған байланысты республиканың барлығына жуық облысында қалың қар жауып, боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 18-28 метрге дейін жетеді.
"Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынды болады, жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ және кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, Ресейдің Еуропалық аумағында пайда болған суық антициклон Батыс Сібірге ауысады. Ал оның әсері Қазақстанның солтүстігіне жетіп, ауа температурасы түнде 23-32 градусқа дейін төмендейді", − деді синоптиктер.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін