Келесі жылдан бастап заңдар қазақ тілінде дайындалады

Келесі жылдан бастап заңдар қазақ тілінде дайындалады
Фото: Tengrinews

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 2024 жылдан бастап Қазақстанда заңдар қазақ тілінде дайындалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет депутаттық сауалға жауап берген.

"Бүгін Мәжілістегі комитет отырысын жүргізген депутат Үнзила Шапаққызы бұл мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдаған еді. Бәріміз қолдадық. Содан кейін Үкіметтің атынан вице-премьер (Алтай Көлгіновтың - еск.) қолы қойылған жауап келді. Онда "2024 жылдан бастап заңдар қазақ тілінде дайындалады" деп жазылған. Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен кеткені белгілі. Алайда ол кеткенмен Үкімет орнында ғой. Сондықтан олардың уәделеріне сенеміз", - деді Абзал Құспан.

Еске салайық, бұған дейін шенеуніктерге қазақ тілін білу міндеттелуі мүмкін екені хабарланған еді. 

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz