Келер жылы ең төменгі зейнетақы қанша болады?

Мәжіліс бекіткен 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша келер жылдан бастап ең төменгі зейнетақы - 62 771 теңге мөлшерінде болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш жылға арналған заңның 9-бабында көрсетілгендей, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгі мөлшерi - 85 000 теңге, мемлекеттік базалық мөлшері - 32 360 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшерi - 62 771 теңге, айлық есептiк көрсеткiш - 3 932 теңге, ең төменгі күнкөрiс деңгейiнің шамасы - 46 228 теңге деп бекітілген.  

"Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға көтеру көзделген", - делінген құжатта.

Айта кетерлігі, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар және астананың бюджетінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайту қарастырылып отыр. Сонымен қатар құжатта облыс, аудан, ауылдағы денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеру туралы да айтылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!