Энергетика министрлігі бюджет бағдарламасының жобасын жариялады, онда Астананы газбен қамтамасыз етуге қаралатын қаражат мөлшері көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, келесі жылы Астананы газбен қамтамасыз етудің екінші кезеңіне 3 миллиард теңге бөлінеді.
"Елордада жоғары қысымды газ құбырын тартудың екінші кезегі 2024 жылға жоспарланған. Осының арқасында "3-9" іске қосу кешендері салынады. Бұл мақсатқа Энергетика министрлігі 3 миллиард теңге жұмсайды", - делінген бағдарлама жобасында.
Ал 2025 жылы құрылыстың үшінші кезегі іске асырылады. Бұл кезеңде газ құбырын бұру жобасы орындалып, "1-3" іске қосу кешендерінің іргесі қаланады. Бұл мақсатқа мемлекеттік қазынадан 3 миллиард 672 миллион 951 мың теңге қарастырылған.
Айта кетейік, келесі жылы ел аумағында 176 342 тұрғын мен 25 ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!