Келер жылдан бастап зейнетақы жинақтарына қатысты не өзгермек?

Келер жылдан бастап зейнетақы жинақтарына қатысты не өзгермек?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік жойылмайды. Алайда 2027 жылдан бастап өтемақы төлемдерінің бірін есептеу тәртібі өзгереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, өзгеріс азаматтарға зейнетақы жинағын басқаруға көбірек мүмкіндік берілуіне байланысты. Қазір салымшылар жинағының 100 пайызына дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға бере алады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50 пайыз болатын.

Салымшы басқарушы компанияны, инвестициялық стратегияны және тәуекел деңгейін өзі таңдайды. Ал Ұлттық банк зейнетақы активтерін басқара береді.

Басқарушы компанияларға қаржылай тұрақтылық пен кәсіби тәжірибеге қатысты талаптар қойылады. Егер олар ең төменгі кіріс деңгейін қамтамасыз етпесе, айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.

Министрлік зейнетақы жинақтарына берілетін мемлекеттік кепілдіктер толық сақталатынын атап өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget