- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Келер жылдан бастап...
Келер жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды. Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі.
Зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. 2014 жылы зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту туралы Елбасының 2030 жылға дейінгі реформасы бекітілген еді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер өз күшіне енеді. Дәлірек айтқанда, әйелдердің зейнетке шығу жасын 6 айдан көбейте отырып, 2027 жылға қарай 63-ке жеткізу жоспарланған.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай барлық зейнеткер үшін базалық зейнетақы 14 466 теңге көлемінде беріледі.
1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ жүйеде белгіленген зейнетақыны ала алмайды. Бұл дегеніміз 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді. Дегенмен бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандындырудың ең төменгі кепілдіктерін (базалық зейнетақы) алуға құқылы.
"1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туылған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығатын болады. Ал 1960 ж 1шілде мен 31 желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады", – дейді БЖЗҚ АҚ ОҚОФ бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев.
Ж. Жұмағұлов