Желі қолданушылары жас әнші Ділнәз Бердәлиеваны марқұм әнші Жанар Хамитоваға ұқсатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жазып, тағдыры олай қайталанбауын тілеген.
"Жанар әпкемнің дүниеден озғанына 3 жылдан асып кетіпті… Уақыт деген қандай иә? Біз адам баласы алдымызда қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз… Бір-ақ берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын. Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса даусым, шашым ұқсаса да тағдырым ұқсамасын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары да оларды ұқсатып, жақсы тілектерін жеткізген:
Түрің ұқсайды екен, бірақ ешкімге ұқсамайтын өзіңнің дара жолың болсын қарғам.
Жанардың жатқан жері жайлы болсы. Түрің ұқсағанымен тағдырың ұқсамасын. Жолыңда жақсы жігіт кездессін.
Айналайын, Жанарға сырт келбетің ұқсаса да, тағдырың ұқсамасын. Өз дара жолың болсын. Жанар жарқ етіп жанып, аққан жұлдыздай ағып кетті ғой қазақтың маңдайына сыймай. Жаны жәннаттың төрінде болсын.
Қайран Жанар... жарық жұлдыз сияқты жарқырап өте шықты ғой, бота болашағы өте керемет болар деп ойлап едім, қайтесің, бір кем дүние деген осы шығар. Түрің ұқсаса да, тағдыры ұқсамасын өзіңе, айналайын. Бақытты бол, өнерің өрге бассын!
Жанар өте әдемі сұлу еді. Осы қызды жақсы көруші едік, қалай айырылып қалды екен, жатқан жері жәйлі болсын.
Басе бір әншіні көрген сияқтымын... ұқсатып қарап жүр екенмін ғой. Марқұм күйзеліске қатты түсіп қаза болды ғой. Ұқсайды екенсің.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!