Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымды қызмет атқарған Олеся Кексель азаптау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот оны екі айға үйқамаққа жіберді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір азаптау деректері бойынша соталды тергеу басталды. Жақында ол сот санкциясымен 2 ай мерзімге үйқамаққа алынды", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұған дейін Олеся Кексельге бұлтартпау шарасын таңдау кезінде оның кішкентай баласы бары ескерілгені айтылған еді.
Айта кетейік, Олеся Кексель 2017-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған, кейін Арнайы прокурорлар қызметін басқарған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!