Билік өкіліне күш қолданған үш адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеуші мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.
Кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасаған.
"Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған. Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен шабуылды ұйымдастырушы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Оралда мас жолаушы полицияға шабуыл жасағаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!