"Кек алады". Қай жұлдыз белгісі өкілдері ренжігіш келеді?

"Кек алады". Қай жұлдыз белгісі өкілдері ренжігіш келеді?
Фото: pixabay.com

Реніш – барлық адамға таныс сезім. Бірақ ол әр адамда әртүрлі көрінеді. Біреулер жылдам ұмытып кетеді, ал басқалары есте сақтап қалып, кек алады. Жұлдыз белгісі бойынша, кімдер ренжігіш және оны ұзаққа дейін ұмытпайды?

Шаян

Бұл жұлдыз белгісінің басты планетасы – Ай. Ол эмоцияларға жауап береді, сондықтан Шаяндар өте сезімтал. Олар барлық нәрсеге қатты әсер береді. Егер олар жақсы көңіл күйде болса, қалжыңдап, айналасындағылармен жақсы әңгімелесіп отырады, бірақ көбіне олар кез келген ұсақ-түйекті қайғы ретінде қабылдайды.

Сондай-ақ олар сіздің сөзіңізді өзіне қабылдап қалуы мүмкін. Егер солай болса, олар тұйықталып, сізбен сөйлеспей қояды. Олар кез келген нәрсеге ренжіп қалады. Сіз оның не нәрсеге ренжігенін түсінбей жүресіз. Сондай-ақ олар іштей өзінің кінәсін сезсе де, достасу үшін бірінші болып келмейді.

Бикеш

Бикештер бір қарағанда ұстамды көрінуі мүмкін, бірақ олар өте мазасыз. Олар - перфекционистер. Сондай-ақ олар мінсіздікті жақсы көреді. Олар айналасындағыларға барлық жақсы шарттарды жасап береді. Бірақ егер ренжіп қалса, ұзаққа дейін өзіне келе алмайды және оңай кешіре қоймайды. Бикештер жанын ауыртқан нәрсені ешқашан ұмытпайды. Бикештер - сыншыл. Олар адамдардың кез келген кемшілігін байқап қалады және соны түзеу үшін сол жайлы оларға айтады. Бұл адамдардың ашуына тиеді. Ал Бикештер өздерінің сынын не үшін басқалар көтере алмайтынын шын түсінбейді.

Бірақ Бикештер достасу үшін алғашқы қадамды өздері жасайды. Ол үшін олардың тынышталып алуына уақыт керек. Олар отбасыны және достықты жоғары бағалайды, сол үшін ұсақ-түйек үшін ұзақ ренжіп жүрмейді. Сондықтан қайта достасады, бірақ сын айтуды тоқтатпайды, оны енді жұмсақ түрде жеткізеді.

Сарышаян

Сарышаян белгісінде дүниеге келген адамдардың мінезі өте ауыр. Бір жағынан олар ашық және қамқор, екінші жағынан қу және кекшіл бола алады. Олар эмоциясын көрсете бермейді және басқаларды өз өміріне кіргізгісі келмейді. Бірақ олар өте сезімтал.

Егер Сарышаян ренжіп қалса, ол бұл жайлы ұзаққа дейін ұмытпайды және сол үшін кек алуы мүмкін. Сарышаяндар өте қырсық, олар өздерінікі дұрыс болмаса да, оны мойындамайды. Оның не нәрсеге ренжігенін түсіну де қиын, себебі ол шағымданбайды. Сарышаяндар сатқындықты ешқашан кешірмейді.

Қай жұлдызнама белгісі жиі бастық болады?

А. Жапатова