- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы аудандары
Кеген мен Райымбек аудандарына табиғи газ қашан қосылады - Облыс әкімі жауап берді
Алматы облысына қарасты Кеген мен Райымбек аудандарына табиғи газ 2025 жылдан бастап беріле бастайды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Табиғи газ бойынша жоспарымыз бар. Жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, құрылыс-сметалық құжаттамаларын дайындадық. Құжаттар бірнеше ай бұрын сараптамадан өтті. Қазір бірқатар министрлікпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл үш жылға жоспарланған үлкен әрі қымбат жоба. Оның жалпы құны 40 миллиард теңгеден асады. Министрлік тарапынан қаржыландыру қамтамасыз етілсе, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады", - деді облыс әкімі.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, екі аудандағы тұрғындардың жалпы саны 70 мың адамды құрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет