Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген ақыл-кеңеске толы өлең жолдарын оқыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өлең оқыған видеосын журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Таза ауа, тынысты табиғат, сүбелі сөздер сіздерге қуат берсін! Өмірде әрбір адамның өзіндік бағы, бақыты бар. Таққа талас болса да, баққа талас жоқ! Бастысы қазіргі уақытыңызды аялап, бағалап, қадірін түсінуге тырысыңыз. Сынақты сабырмен жең!" - деп жазған Дина Төлепберген төмендегі өлең жолдарын оқып берді:
"Кедейді кедей демеңіз,
Ол мəңгі олай өтпейді.
Байларды бай ғой демеңіз,
Оған да бір зат жетпейді.
Тақырды тақыр демеңіз,
Күн шықса ол да көктейді.
Сабыр ет досым, барлығын,
Алланың өзі реттейді..."
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!